Басты бет
«Гүл Астана» балабақшасы Шымкент қаласы Қаратау ауданында орналасқан жаңа элиталық балабақша. Балабақша 2012 жыл 1 қаңтарда ашылған. Балалар үшін мейірімін аямайтын үлкен ұжым жұмыс атқаруда. Қызметкерлердің басты мақсаты, балалардың жан-жақты дамуына толыққанды жағдай жарату. Балабақшада ойын залы,спорт алаңдары, саяжай,жазғы және қысқы бассейндер, спорт және музыка залдары бар. Балаларға үш
тілде білім беріледі: қазақ, орыс, ағылшын. Біздің балабақшамызда мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына сай уақыт сұранысы мен қанағаттандыратын, жаңа бағдарламалар, технологиялар мен қамтамасыз етілген. Балалармен жұмыс жүргізуде жаңа инновациялық технологияларының элементтерінен пайдалана отырып, тәлім тәрбие беруде дәстүрлі емес әдіс тәсілдер қолданылады. Балаларды жан-жақты дамуына ықпал ететін үйірме сабақтар ұйымдастырылған: хореография, таэквандо, шашка, жазғы қысқы бассейн, ағылшын тілі үйірмесі. Балабақшада өтілетін барлық мерекелер мен іс-шаралар міндетті түрде ата-аналардың қатысуы мен өтіледі. Біз ата-аналар мен тікелей байланыста жұмыс жасай отырып,келешек ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеп, туған жерін құрметтеп, оны сүйіп өтуіне ықпал тигіземіз.
Балалық шақ қиял таңғажайып сәттерге толы. Біз бұл таңғажайып сәтті балалар үшін жаратуға әр қашанда дайынбыз!
Фотогалерея



















